Жаңалықтар

Талғарда тергеу изоляторынан қашқан күдікті ұсталды

Фото: Алматы полиция департаменті

Талғар қаласында жиен қарындасын зорлады деген күдікке ілініп, тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды, деп  хабарлайды  Qandastar.kz.

Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты.

Күдікті Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Ол қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Енді оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін де айып тағылмақ.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close