Жаңалықтар

Талғардағы 16 жастағы жасөспірімнің қазасы: Марқұм Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті

Фото: ашық дереккөз
Алматы облысы, Талғар қаласында бір топ бұзақының қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірімнің үйі сенбіге қараған түні өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үй түгелдей өртеніп кеткен.

Алматы облысының полиция департаменті өрт фактісін растады.

«Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады», – делінген хабарламада.

Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатқаны түсіндірілді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен оқиғаға себеп болуы мүмкін себептер анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер бар-жоғы нақтыланып жатыр дейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close