Жаңалықтар

Талғардағы іске күдіктілерге қатысты 8 іс анықталды: олар кімдер?

Фото: ашық дереккөзден

Талғардағы іске күдіктілер Нұрқияс Ильясов, Равиль Сакиев және Абзал Шынасылға қатысты 8 іс анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz Qaz365.kz сілтеме жасап.

2019 ж. Нұрқиас Ілиясов пен Д.Қалғұлов арасында жанжал шыққан. Ардақ Нұржұманов Қалғұловты ұрып өлтірген. Ардақ 8 жылға сотталды;

2020 ж. Нұрқиас Талғарда Есбол Ережепов, Бақыт Ауғанбек және Рахат Ақкөзеновті өлтірген. Іс татуласудан соң жабылған;

2020 ж. «Веранда» дәмханасында Ілиясов пен Равиль Сакиев Диас Хабитұлын ұрған. Ілиясов 3 жыл, Сакиев 2 жыл 6 айға шартты түрде сотталған;

2023 ж. Нұрқиас пен Ернұр Ілиясов Абзал Шынасылмен бірге А.Манапты ұрған. Сосын «Хан» барында Ілиясов Р. Труспековке жеңіл дене жарақатын салған. Екі іс татуласумен аяқталған;

2023 жылы қыркүйекте Нұрқиас Ілиясов М.Сүлейменовқа дене жарақатын салған. Татуласумен аяқталған;

2023 жылы желтоқсанда «Сказки» кафесінде Ернұр Ілиясов М.Качакбайды пышақтаған. Оларға пробациялық бақылау орнатылан;

2024 ж.Нұрқияс пен Ернұр Ілиясов бұзақылық бойынша бас бостандығынан шектелген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close