Жаңалықтар
Талғат Омаров: Қазақстанда дәрі-дәрмек тым қымбат
Елімізде фармацевтикалық препараттардың құны соңғы бір жылда 11%-ке өсті, – деп хабарлайды qandastar.kz
Қазақстан Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының басшысы Талғат Омаров бізде дәрі-дәрмектің бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда едәуір қымбат екенін айтып отыр.
«Қазақстандағы дәрі-дәрмектің бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда тым қымбат. Тіпті, 400-500 процентке жетіп жатады. Жалпы бағаның өсуіне әуелі инфляция әсер етеді.
Парацетомол қазір 130 теңге тұрса, таңбалау енгізілгеннен кейін 300-400, тіпті 500 теңге болатын шығар. Біздің көршілес Ресейде таңбалау енгізілгені байқалады. Бүгін сіз шприцті 25 теңгеге сатып алдыңыз делік. Егер оны 75 теңгеге кодтасақ, ол 100 теңгеге шығады. Бұл – дәрі емес, жай шприц», – дейді ол.
Сонымен қатар ол қорланған барлық мәселе ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дәрілік заттардың шекті бағасы туралы тиісті бұйрығымен байланысты екенін айтады.