Жаңалықтар
«Тамағын пышақпен кесіп, жайбарақат демалып отырған»
Желіде Павлодарда үй ауласында кісі өлтірілгені түсірілген видео тарады,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Кадрлардан ер адамның басқа бір адамды ұрып-соғып, жерге құлатып, тамағын кескенін байқауға болады.
Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
Адам өлтіру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.