Желіде жас актриса Айшолпан Байтүгелді мазақ еткен косметика дүкені қызметкерлерінің әрекеті үлкен дау туғызды, деп жазады qandastar.kz.
Дүкеннің қызметкері мен оның басшысы блогердің сырт келбеті мен салмағына қатысты ауыр сын айтып, желі қолданушыларының ашуын келтірді. Қазақстандықтар бұл жағдайға наразы болып, аталған дүкенге бойкот жариялады.
Айшолпан Байтүгелдінің айтуынша, сол дүкеннің қызметкерлері өздері оған хабарласып, жарнамалық реалити-шоуға қатысуды ұсынған. Жоба жеңіл форматта түсірілетіні айтылғандықтан, әрі актриса да, блогер де болғандықтан, ол ұсынысты қабылдаған.
Оқиға жайлы актриса жылап тұрып, өз жазылушыларына баяндап берді.
«Менің пәтеріме бургер тапсырыс беріп қойыпты. Бірақ ол туралы маған ескертілмеді. Жарайды, бір бургер үшін қырғын шығармай-ақ қояйын дегеніммен, ішімнен нашар сезімде болдым. Олар мені тамаққа тоймайтын, осындай шоуға түсетін кезде шыдай алмай фаст-фуд тапсырыс берген адамдай етіп көрсеткісі келген. Үндемей бургерді қабылдап, сценарийлері бойынша бірнеше қуырылған картопты жеп едім, «Шыдаңызшы, Айшолпан» деп күліп тұр. Мен онсыз да не ішіп, не жейтінімді жасырған жоқпын, бәрін ашық көрсеттім. Алғашында көңілді тұруға тырыстым, бірақ менің түсірілімге дейінгі және кейінгі күйімді көрсеңіздер, бәрі түсінікті», — деді ол.
@trendoviktv Aisholpan🥺. Уход таңдап береміз деп белгілі бір компания үйіне келіп, барлық жерді ақтарып, тексеріп мысқылдап, мазақ еткен. #рекомендации #aisholpan #унижение #оскорбление #крикдуши ♬ оригинальный звук — news.hits.



