Жаңалықтар

Тамара Асардың ұлы Әлішердің өліміне қатысты жаңа дерек жарияланды

Фото: Әлеуметтік желі

Продюсер Жан Мұқанов әнші Тамара Асардың жолдасы Бекмырза Жұмаштың ұлы Әлішердің қазасына байланысты жаңа мәлімет берді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады, деп жазады qandastar.kz

Оның айтуынша, 8 қараша күні Қостанай қаласында Әлішердің қырық күндік асы өтеді.

«Бәрі білсін — қаны бір болуы шарт емес, жүрек байланысы маңызды. Әлішер Тамараның туған баласы болмаса да, ол оны өз ұлындай көрді. Ол – Жұмаштың және олардың қызы Ажардың ағасы, отбасының толық мүшесі еді», – деп жазды продюсер.

Жан Мұқанов жас жігіттің өліміне көлік апаты себеп болғанын да растады.

«Әлішер Ақтөбеге досының үйлену тойына барғанда жол апатына ұшырап, көлік қағып кеткен», – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысының Наурызым ауданының әкімі Мәди Өмірзақұлы Ихтиляпов Әлішердің мезгілсіз қазасына байланысты көңіл айтып, отбасының қайғысына ортақтасқан болатын.

Back to top button