
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас сотқа тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Ақпаратты Жоғарғы соттың коммуникация бөлімі растады.
«Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ӘҚБтК-нің 434-бабы 2-бөлігі («Жыл ішінде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық») және ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша Қ. А-ға қатысты екі материал келіп түсті», — деп пікір берген Жоғарғы Сот.