Әлеумет және қоғам
Танымал кәсіпкер Берденовпен суретін жариялады

Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі уақытта Берденовтің жағдайы, көңіл-күйі жақсы.
«Мешіттен соң нағыз патриот, кезінде менімен қызметтес болған, проведать әділ әрі парасатты адамның хәлін сұрауға бардым. Ол – мен жеке танитын жалғыз саясаткер және оны парасаттылығы үшін сыйлаймын. Жақында оған қастандық жасалды. Аллаға шүкір, ол аман қалды. Қазір оның денсаулығы жақсы, көңіл күйі көтеріңкі», – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке әкімдік ғимаратының алдында шабуыл жасалып, ауруханаға жеткізілген еді.