Әлеумет және қоғамЖаңалықтарСпорт

Танымал кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады

Танымал кәсіпкер, inDrive негізін қалаушы Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаила Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы кәсіпкер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Мен Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі, оның алғашқы жаттықтырушысы және осы жеңістің артында тұрған Станислав Шайдоровқа Audi Q8 сыйға тарттым. Михаил Қазақстанда және одан тыс жерлерде миллиондаған адамдарға шабыт берген керемет, тарихи өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Бірақ бұл жеңістің артында жылдар бойы күнделікті еңбек, тәртіп және өзін-өзі құрбан ету тұрды.

Станислав Александрович бірде ұлының шыңға көтерілуін қолдау үшін көлігін сатты. Бұл оқиға маған ерекше әсер етті. Мен көлігімді екі рет сенгенім үшін саттым — қиын кезеңде команданың жалақысын төлеу үшін және қаражат тапшы болған кезде Якутия құрамасын киберспорт чемпионатына жіберу үшін.

Көлік тапсыру рәсімінде Станислав Александрович көз жасын тыя алмады. Бұл ұлымен бірге ұзақ жол жүріп, сенімінің Олимпиада алтынына айналғанын көрген адамның көз жасы еді», — деп жазды кәсіпкер.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button