Жаңалықтар

Танымал қазақ боксшысы Ыстықкөлге батып көз жұмды

Фото: pixabay

Қазақстандық бокста қайғылы оқиға болды. Жақында Ыстықкөлде шымкенттік спортшы Ибрахим Ирисматов суға батып көз жұмды. Ол 2003 жылы туған, деп хабарлайды  Qandastar.kz сайты Kozachkov offside арнасына сілтеп.

Оқиға болған сәтте сол маңда 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан.

Бокс федерациясының мәліметінше, қаза тапқан жігіт бұл жиынға қатыспаған, демалуға барып, басқа демалыс базасында тұрған. 9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close