Жаңалықтар

Танымал қазақстандық қоғамдық белсенді әйелін соққыға жығып, өліммен қорқытқан (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде ер адамның әйеліне күш көрсетіп, оны өлтіремін деп қорқытқан сәті бейнеленген видео тарады. Кейін кадрлардағы ер адамның Қазақстанға белгілі қоғамдық белсенді Арсен Шакуов екені анықталды, деп жазады qandastar.kz

Видеода ер адамның еденде жатқан әйелді қылқындырғаны, ауыр сөздер айтып, жазадан қорықпайтынын, тіпті, өмірін қиюға дайын екенін ашық мәлімдегені көрінеді. Бейнежазбада автордың оны тоқтауды өтінген дауысы естіледі, ал фоннан балалардың жан дауысы шыққан.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға өткен жылдың қаңтар айында болған. Ведомство бұл дерек бойынша іс сол кезде тіркеліп, бүгінде аяқталғанын хабарлады.

Әйелге қатысты заңсыз әрекеттер бойынша бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Аталған факт бойынша тиісті шаралар дер кезінде қабылданды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы іс қозғап, әкімшілік іс жүргізу басталған. Материалдар сотта қаралып, тараптар татуласқан, – делінген ресми хабарламада.

Кейін Арсен Шакуов жұбайымен бірге видеоүндеу жасап, қазіргі таңда отбасында жағдай тұрақты екенін, араларында ешқандай жанжал жоқ екенін айтты. Сонымен қатар ол Instagram әлеуметтік желісіндегі @kupol.press арнасында жарияланған бейненің авторы Натальяға қатысты қатаң пікір білдіріп, жеке өмірге қол сұғылғанын атап өтті. Оның айтуынша, видео қасақана жарияланып, өзіне зиян келтіру мақсатында таратылған.

Бұл бейне әйелімді қорғау үшін емес, маған зиян келтіру үшін жарияланды. Егер шынымен көмек керек болса, неге ол видео сол кезде жарияланбады? Барлық айтылғанға сене бермеңіздер, – деді ол.

Ал Шакуовтың жұбайы өз сөзінде олардың арасында жанжал болғанын растағанымен, желіде тараған видеода нақты ұрып-соғу фактілері жоқ екенін алға тартты.

Арсен Шакуов бұл оқиғаға байланысты бейнежазбаны жариялаған адамға қарсы жеке өмірге қол сұққаны үшін сотқа талап арыз бергенін де мәлімдеді.

Арсен Шакуов деген кім?

Арсен Шакуов – жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында танымал қазақстандық қоғамдық белсенді. Ол жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізу мәдениетін қалыптастыру және жол қауіпсіздігін арттыру бағытында түрлі қоғамдық бастамаларға жетекшілік еткен.

Қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитетінің вице-президенті, сондай-ақ Жол қауіпсіздігі қауымдастығының президенті қызметтерін атқарады. Ал оқиға болған кезеңде Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметін басқарған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от kupol.press (@kupol.press)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button