ЖаңалықтарШоу бизнес

Танымал продюсер «Қазақстан күнін» жариялауды ұсынды

Танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев Threads әлеуметтік желісінде әр сәрсенбіні «Қазақстан күні» деп атап өтуді ұсынды , деп жазады qandastar.kz

Продюсердің айтуынша, осы күні қазақстандықтар бір-бірімен кикілжіңге түспей, керісінше, тыныштықты сақтап, ел туралы жағымды жазбалар жариялауы тиіс.

«Сәрсенбі тек жақсы көңіл-күй мен елімізге деген жылы лебізге арналуы керек. Ұрыссыз, талассыз, тек бірліктің және позитивтің күні болсын», — деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Оның бұл бастамасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптеген желі пайдаланушылары қолдау білдірді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button