Жаңалықтар

Танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік ана атанды

Фото: zhansaya_abdumalik инстаграм парақшасынан

Халықаралық гроссмейстер, шахматтан Қазақстан чемпионы, танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік ана атанды, деп хабарлайды Qandastar.kz

Ол қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісіп, әсерлі жазба жариялады.

«Сен менің жүрегімнің астында тыныстап жатқан шағыңда-ақ өзіңді әлі көрмесем де, жақсы көріп үлгеріп едім», – деп жазды Жансая.

Жансаяның жұбайы – 2024 жылдан бері «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесін басқарып келе жатқан Нұрахмет Нұриев. Жас отбасы алғаш рет ата-ана атанды. Олар 2023 жылы шаңырақ көтерген еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close