Жаңалықтар

Танымал TikTok жұлдызы жасанды интеллект арқылы 1 миллиард доллар табыс тапты

Үнсіз видеоларымен танымал сенегалдық TikTok жұлдызы Хаби Лейм контент жасаушылар тарихындағы ең ірі мәмілелердің бірін жасады. Келісімнің жалпы құны 975 миллион долларды (485 миллиард теңге) құрап отыр., деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

АҚШ-тағы Rich Sparkle Holdings компаниясы блогердің зияткерлік меншігін үш жылға эксклюзив пайдалану құқығын сатып алды. Келісім аясында Хабидің жасанды интеллект негізінде цифрлық егізін жасау да қарастырылған.

Ең бастысы, Хаби Лейм бұл келісімнен тек бір реттік табыс алып қана қоймай, компанияның бақылаушы акционері атанды. Осылайша ол ықпалды контент жасаушыдан ірі корпоративтік ойыншы деңгейіне көтерілді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button