
Журналист Әнуар Жәлел өзінің Instagram парақшасында Париж Олимпиадасына қатысушы Нұрбек Оралбайға үндеу жолдады, деп хабарлады Qandastar.kz.
Алтын медаль үшін бақ сынайтын спортшымызға чемпион атанса «Zigi-Zagi» лимонады компаниясы атынан «Zeekr» көлігін сыйлайтынын хабарлады.
– Бокстан спортшыларымыздың көбісін төрешілер аяқтан шалып жатқаны жанымызға қатты батқаны рас. Осыған орай, мотивация ретінде «Zigi-Zagi» лимонады компаниясы атынан осы көлікті @oralbay_nurbek — ке , ел қоржынына алтын әкеліп, қазақ елін қуантса сый етпекпіз. Осы «Zeekr» көлігімізді олимпиадада еліміздің намысын қорғап жатқан чемпионымыз Нұрбек Оралбайға сыйлаймыз, – деді ол.
Былғары қолғап шебері Нұрбек Оралбай өзінің Instagram парақшасында журналистке «Болды. ИншАлла барымды саламын» деп жауап берді.



