Жаңалықтар

«Тапқанымыздан 2 есе көп жұмсап жатырмыз»- Мәулен Әшімбаев Ұлттық қор туралы

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ұлттық қордың шығыны туралы айты, деп хабарлайды qandastar.kz.

Бұл туралы сенаттың Telegram-дағы арнасында жарияланды.

«Біз тапқанымыздан екі есе көп жұмсап жатырмыз. Бұл қосымша қаражат қайдан келеді? Ұлттық қордан және қарыздардан. Біз осы шығындармен инфляция мен бағаны көтереміз. Тиісінше Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені көтереді, бірақ осылайша елдегі кәсіпкерлік белсенділікті, демек экономикалық өсуді шектейді.

Мәселенің екінші бөлігі бар, ол одан да ауыр болуы мүмкін. Бюджетке аударымдар үшін Ұлттық қордан біздің ішкі валюта нарығына доллар сату керек. Сұраныс пен ұсыныс заңы қайтадан қосылады. Осылайша біз теңге бағамын асыра бағалаймыз. Бұл жаман емес шығар. Бірақ мұның ықпалы қандай? Артық бағаланған теңге – қымбат экспорт және арзан импорт.

Бұл дегеніміз біздің тауар өндірушілеріміз Қытайдан, Ресейден, Түркиядан және басқа елдерден келген өндірушілермен салыстырғанда қолайсыз жағдайға тап болып отыр: олар баға тұрғысында ұтылып жатыр, тиісінше, тағы да біздің ішкі өндірісіміз бен өнеркәсібіміз өсіп жатқан жоқ», – деді Мәулен Әшімбаев. 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close