Мәдениет
«Таптым-ау сені – 2» фильмі 1 млрд табыс жинады

Фото: скрин
Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында Олжас Абайдың өзін қалай қуантқанын бейнежазба арқылы бөлісті, деп жазды qandastar.kz
Бейнежазбада актердің актрисаға үлкен гүл шоғын сыйлап, ерекше сыйлық табыстағаны көрсетілген.
Анықталғандай, Олжас Абай Дариға Бадықованы «Таптым-ау сені – 2» фильмінің 1 миллиард теңге жинаған жетістігімен құттықтаған. Мұндай тосынсыйға риза болған актриса әріптесіне алғысын білдірді.
Әлеуметтік желі қолданушылары да қос өнерпазды бұл табыстарымен құттықтап, жылы тілектерін жолдады.