Жаңалықтар
Таразда әкім қабылдауынан шыққан тұрғын өз-өзін өртеп жібермек болды
Фото: видеодан скрин
Қала әкімімен кездесуге келген тұрғын пәтер кезегінің жылжымайтынын айтып шағымданған.
Тараз тұрғыны қала әкімінің есебінен соң өз-өзін өртеп жібермек болған. Аталған жағдай қаладағы нөмірі 53-ші мектеп-гимназияның дәл алдында орын алған. Бұл туралы qandastar.kz ақпарат порталы Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала әкімімен кездесуге келген тұрғын пәтер кезегінің жылжымайтынын айтып шағымданған. Алайда басшының жауабына қанағаттанбаған ол осындай қадамға барған.
Жергілікті билік мәліметінше, от қойған азамат жалғызбасты әке. Болжам бойынша өзіне қол салуына баспананың жоқтығы себеп болуы мүмкін. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар азаматты аман алып қалды. Жарақаты да жеңіл. Өлім аузынан қалған тұрғын психикалық диспансерде есепте тұр.