Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Таразда аялдамада тұрған 13 жастағы қызды ұрлап кетпекші болған (ВИДЕО)

Таразда аялдамада тұрған 13 жастағы қызды ұрлап кетпекші болған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Полиция қызметкерлері 13 жасар қызды ұрлауға әрекеттенген күдіктілерді тез арада ұстады.

Полицияға екі белгісіз адамның көлікте автобус аялдамасында тұрған қызды ұрлауға әрекеттенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетті.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтау үшін кешенді тергеу жүргізілуде.

Балалар қауіпсіздігін бұзу туралы кез келген деректер қатаң бақыланады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button