Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Таразда мас жолаушы автобус жүргізушісін пышақтап тастады

Тараз қаласында қоғамдық көлікте жанжал шығып, автобус жүргізушісі пышақ жарақатын алды.

Оқиға жолаушы мен жүргізуші арасындағы келіспеушіліктен кейін болған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Куәгерлердің айтуынша, масаң күйде болған жолаушы жүргізушіден жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан автобусты әрі қарай жүргізуді талап еткен.

Алайда жүргізуші бұл талаптан бас тартқан соң, екеуінің арасында сөз таласы туындап, жағдай біртіндеп ушығып кеткен.

Жанжал барысында жолаушы жүргізушіге пышақпен шабуыл жасаған. Оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, күдіктіні ізін суытпай ұстады.

Жарақат алған жүргізуші жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Полицияға автобус ішінде бір-бірімен сөзге келу барысында ер адам жүргізушіге пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері келді.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізілуде», — делінген мәлімдемеде.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button