
«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері 11 жасар қыздың жалған профиліне ересек ер адамдардың қалайша тез хабарласатынын тексеріп, кәмелетке толмағанға жыныстық сипаттағы ұсыныс жасаған ер адамды құрықтады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділері әлеуметтік желіде жас қыздың атынан жалған аккаунт ашқан. Алғашқы сағатта-ақ профиль лайкқа, хабарламалар мен ересек адамдардың сөйлесуге сұраныстарына толды. Баланың жасы ешкімді ойға салмады. Кейбірі, тіпті, бұл оларға ұнайтынын ашық айтқан.
«Sergen Polk» атты никпен жазған қолданушы ерекше табандылық көрсетті. Қолданушы кішкентай бала екенін біле тұра, әңгімені ашық сипатта жүргізді: ересектер туралы тақырыптарды қозғап, ұятсыз стикерлер жіберді және «онда тұрған ештеңе жоқ» деп ақталды. Көп ұзамай тыныш жерде кездесуді ұсынып, мұның құпия қалуын талап етті.
Баланың орнына кездесуде оны «Жаңа адамдар» қозғалысының мүшелері күтті. Ондаған белсенді оны жарықпен қоршап, анонимділік көлеңкесінен шығарды. Ер адамға хабарламалары мен қылмыстық байланыс орнатуға тырысу дәлелдері көрсетілді. Жергілікті тұрғындар болған жағдайды бақылап, ол адамға ойларын ашық айтты. Дәлелдер тіркелген соң, педофил тергеу жұмыстары үшін құқық қорғау органдарына жеткізілді.
Ер адамның жеке деректері белгілі болды: Бейсенбай Ернур, 2001 жылы дүниеге келген, Таразда жұмыс істейді, сол қаланың тұрғыны. Педофилдің барлық деректері мен хабарламалары құқық қорғау органына тапсырылды.
«Олар өздерін көрінбейміз деп ойлап жүргенде, біз жарықты қосамыз. Олар никнеймдарының артында жасырынғанда – біз оларды жарыққа шығарамыз. Бір рет қатерді өткізіп алғаннан, он рет сақтанған артық. Егер баланың қасында күдік тудыратын ересек адамды байқасаңыз – бұл сіздің ісіңіз. Өйткені бөтен балалар болмайды» – деді «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Насточенко Вероника.



