Жаңалықтар

Таразда пышақ жарақатын алған оқушы көз жұмды

Таразда жасөсіпірімдер жанжалдасып қалып, олардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды Qandastar.kz

Оқиға 1 қыркүйекте болған. Полиция бұл ақпаратты растады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, — деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close