Шоу бизнес

«Тәрбие дұрыс емес»: Қайрат Нұртастың әйелі мен қызы кеуделерін ашқаны үшін сынға қалды (ВИДЕО)

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жақында болған әулеттік тойдан түсірілген видеосын жариялап, жұрт талқысына түсті,  деп жазады qandastar.kz.

Бесінші рет ана атанған Жұлдыз ашық көйлекпен өзінің әдемі мүсінін көрсетіп, бойжетіп қалған қызы Алаудың ерекше көйлегімен видео жариялады.

Видеода анасы мен қызы ашық иықты кешкі көйлектермен бой көрсетеді: Жұлдыз – қызғылт сары, Алау – қара түсті көйлек киген. Актриса жазбасында қызынан өзін көретінін айтып, мейірімін білдірді:

«Сен – менің айнамсың. Сенің күлкің, мінезің, әдетің маған ұнайды», – деп жазды ол.

Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі мұндай образдарды әулет алдында орынсыз деп сынады. Олар ашық декольтесі бар көйлек үлкендер қатысатын тойға жараспайтынын айтып, Алаудың тәрбиесіне қатысты да сын пікірлер қалдырды.

 «Бәрі әдемі, бірақ әулет тойында кеуде ашқан біртүрлі»

«Киімі әдемі жарасымды. Бірақ әр киімнің киетін орны болады. Ағайын-туыстың ортасында басқаша киінген дұрыс. Омырауын жауып, әкесінің, атасының алдында ашық-шашық болмау керек»

«Мынадай көйлекті өзі қатарлы жастардың арасында кисе дұрыс болады. Бұл әулеттің үлкен-кіші адамдарын сыйламау болып табылады. Не үлгі? Ұят әрі ерсі»,

«Тәрбие дұрыс емес»,

«Шешесіне қарап қызын ал деген осы, кеудесін сонша ашып емізетін қатын»,

«Қыздың кеудесін ашқан дұрыс болмады әулет тойда», — деп жазды желі қолданушылары.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button