ЖаңалықтарМәдениет

Тарихшы: Қазақта қыз ұзату тойы болмаған

Бірнеше жыл бұрын Өзбекстаннан көшіп келген тарихшы, журналист Жұмамұрат Шәмші Қазақстанға келген жылдары тойдың шектен тыс көптігіне таң қалғанын айтты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол «Qazaq Airan» YouTube арнасына берген сұхбатында Өзбекстан халқы негізгі үш мерекені ғана тойлайтынын айтты.

«Өзбекстан мен Қазақстанды салыстырайық. Өзбекстанда бір жылда үш-ақ мемлекеттік мейрам бар. Наурыз мейрамы, тәуелсіздік күні және құрбан айтты тойлайды. Қазақстанда құдайдың құтты күні, 365 күн бойы тойлай береді. Жағамды ұстадым. Орыстың да тойын, жаңа жылды, ескі жаңа жылды, Валентин күнін, 8 наурызды, көрісу күнін де тойлайды. Қыздар күні, әкелер күні деген мереке көп. Одан қала берді туған күнді сұмдық тойлайды екен. Бітпейтін той-томалақ. Сосын оған бюджеттен шашылып жатқан қаржыдан адамның төбе шашы тік тұрады. Осы нәрселерді көрмей келген қазақ едік. Мен өзге елден келіп тұрсам да өзім өскен Тамды ауылында Алматыдан шыққан көркем әдебиеттерді оқығанмын. Ол ауылда бір өзбек, бір орыс жоқ еді. Қазір барсаң да сондай. Бірақ қазақ көп шоғырланған Шымкенттің өзінде қазақтың тілінің басын жарып, көзін шығарып, жүнін жұлған тауықтай ту-талайқайын шығарған. Орыстың кірме сөздері өріп жүр. Оған ағылшынша сленгтер қосылды», — дейді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button