Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай Астанада отшашу бола ма?
Фото: pixabay
16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай елордада мерекелік отшашу болмайды, деп жазды qandastar.kz
«Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара өтеді. Оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар сияқты іс-шаралар бар. Отшашу болмайды», – делінген әкімдік хабарламасында.
Әдетте, бұл мерекеде дәстүрлі түрде демеушілердің ақшасына отшашу ұйымдастырылатын.