
Таяу Шығыс өңірінен Қазақстанға 9517 қазақстандық қайтарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Қазіргі уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қатардан және Сауд Арабиясы Корольдігінен азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.
Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен эвакуациялық іс-шараларды аяқтауда.
«Өңірдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіруді жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста және қажетті қолдау көрсетуде», — делінген мәлімдемеде.



