Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Таяу Шығыста 8 мыңнан астам қазақстандық: зардап шеккендер жоқ

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Дипломаттар өңірдегі жағдайды тәулік бойы бақылап, жедел чаттар мен «жедел желілер» арқылы азаматтармен тұрақты байланыс орнатқан.

Соңғы деректерге сәйкес, шиеленіс аймақтарында және транзиттік хабтарда:

  • БАӘ-де – шамамен 3 500 адам
  • Сауд Арабиясында – шамамен 3 000 адам
  • Қатарда – 1 500-ге жуық адам
  • Иранда – 82 адам
  • Бахрейнде – 168 адам
  • Кувейтте – 134 адам
  • Иорданияда – 134 адам
  • Израильде – шамамен 100 адам

Әуе кеңістігінің жабылуына байланысты рейстер тоқтатылған. Осыған орай дипломатиялық өкілдіктер туристік компаниялармен бірлесіп азаматтарды уақытша қонақүйлерге орналастыруда. Мәселен, БАӘ-де қазақстандықтарға тұру және тамақтану қамтамасыз етілген.

Әскери іс-қимылдар басталғалы бері Тегераннан 50 Қазақстан азаматы эвакуацияланды. Ираннан көрші елдер арқылы шығару бойынша келіссөздер жүргізіліп, Армения, Әзербайжан және Түрікменстан тараптары қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Қауіпсіздік мақсатында азаматтарға өз бетінше қозғалмау ескертілді. Эвакуация ұйымдастырылған жағдайда алдымен қарттар, әйелдер мен балаларға басымдық беріледі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button