Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Таяу Шығыста жүрген қазақстандықтарға интернет пен қоңырау тегін болды

Қазақстан шетелде жүрген азаматтарын қолдау үшін шұғыл шешім қабылдады.

Қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында Таяу Шығыс елдерінде жүрген қазақстандықтарға байланыс қызметтері тегін ұсынылады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді.

Ведомство ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, арнайы қысқа мерзімді байланыс пакеттерін іске қосқан.

Жаңа пакеттер арқылы азаматтар көрсетілген елдер аумағында жүрген уақытта интернетті және қоңырауларды тегін пайдалана алады.

Бұл шара шетелдегі қазақстандықтардың туған-туыстарымен тұрақты байланыста болып, мемлекет қолдауын сезінуіне бағытталған.

Қосымша мәліметтерді мобильді операторлардың ресми сайттары мен қосымшаларынан көруге болады. Министрлік бұл бастаманы жедел іске асырған байланыс компанияларына алғыс білдіріп, азаматтарды ресми органдар мен елшіліктердің қауіпсіздік ұсынымдарын сақтауға шақырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button