Әлем жаңалықтары

Таяу Шығыстағы ахуал: ҚР СІМ жедел байланыс нөмірлерін жариялады

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдіктердің «жедел желі» нөмірлерін жариялады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты органдарға жағдайға байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктердің жедел байланыс нөмірлерін жариялады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. Аталған ақпаратты Qandastar.kz сайты сілтеме жасап жариялады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі келесі байланыс арналары арқылы хабарласуға болатынын мәлімдеді:

ҚР СІМ (Астана):
+7 (7172) 72 05 00 – Консулдық қызмет департаменті
+7 (7172) 72 01 11 – кезекші дипломат

Қазақстанның Ирандағы елшілігі (Тегеран):
+98 21 2256 5933 – кезекші нөмір
+98 936 208 4672 – ұялы телефон (WhatsApp)

Горган қаласындағы Бас консулдық:
+98 912 298 0350 – ұялы телефон
+98 173 252 0443 – жұмыс телефоны
+7 701 771 34 01 – WhatsApp

Бендер-Аббас қаласындағы консулдық:
+98 930 298 57 03 – ұялы телефон (WhatsApp)

Иорданиядағы елшілік:
+962 777 688 885

БАӘ-дегі елшілік:
+971 50 508 5226
+971 2 449 8778

Дубайдағы Бас консулдық:
+971 50 570 1978

Сауд Арабиясындағы елшілік:
+966 55 663 0177

Қатардағы елшілік:
+974 50 649 955
+974 51 000 733

Кувейттегі елшілік:
+965 6704 2545

Ливандағы елшілік:
+961 4 713 467
+961 4 713 447

Бахрейндегі Бас консулдық:
+973 3348 0890

Израильдегі елшілік:
+972 (3) 503 78 85 – кезекші
+972 54 878 4608 – ұялы телефон (WhatsApp)
+972 53 272 1815 – ұялы телефон (WhatsApp)
+7 701 731 4177 – WhatsApp

Бұған дейін ҚР СІМ Израильдің Иранға жасаған әуе соққыларына байланысты аталған елде жүрген Қазақстан азаматтарының саны жөнінде мәлімет берген болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы жағдайдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа төнуі мүмкін қатерге байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Back to top button