
FlyArystan Ақтау–Дубай–Ақтау бағыты бойынша рейстерді орындауды тағы кейінге шегерді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Әуе компаниясының хабарлауынша, Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты бұл бағыттағы рейстер 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоса алғанда тоқтатылады.
Бұған дейін рейстерді 29 тамызға дейін тоқтату туралы шешім қабылданған еді.
Ұшуы тоқтатылған жолаушылардың билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтаруға болады. Ол үшін билетті сатып алған орынға жүгіну қажет.



