Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Тегерандағы жағдай: Әзербайжан Ираннан дипломаттарын толық шығарып жатыр

Әзербайжан Ирандағы барлық дипломатиялық қызметкерлерін елден шығару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, шешім Тегерандағы Әзербайжан елшілігі мен Тебриз қаласындағы Бас консулдықтың барлық дипломаттарына қатысты.

Қазіргі уақытта оларды Иран аумағынан шығару процесі жүріп жатыр.

Сонымен қатар Байрамов Иранның сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлескенін айтты. Тегеран тарапы болған оқиғаны мұқият тексеруге уәде берген.

Әзербайжан тарапы Иранға ресми наразылық нотасын жолдап, оқиға бойынша жүргізілетін тергеудің нәтижесін күтетінін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ираннан ұшқан екі дрон Әзербайжан аумағына құлаған болатын.

Салдарынан 4 адам зардап шекті.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Нахчывандағы дрондар соққысын теракт деп бағалайтынын айтты.

Қазақстан президенті бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button