Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Тегін» iPhone ұтып алдым деп ойлаған ақтөбелік сан соқты

Ол өзіне iPhone 17 сыйға беріледі деп сенген, деп жазады Qandastar.kz ақпарат агенттігі Shyndyk.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде жергілікті тұрғынды алдап, қомақты қаражатын иемденген жас алаяқ ұсталды.

Полиция мәліметінше, белгісіз адам ер азаматқа телефон шалып, өзін белгілі компанияның менеджері ретінде таныстырған. Ол абоненттің ойдан шығарылған ұтысқа ие болғанын, жүлденің iPhone 17 екендігін айтқан.

«Сыйлықты» алу үшін қоңырау шалушы бірнеше әрекетті орындауды және «жеңісті растау рәсімінен» өтуді талап еткен. Күтпеген «сыйлыққа» қуанған тұрғын оның барлық нұсқауына сеніп, айтқанын жасайды. Нәтижесінде ол алаяқ көрсеткен шотқа шамамен 1,5 миллион теңге аударып жіберген, — деп хабарлады полиция.

Ақтөбелік тұрғын өзін алдап кеткенін түсінгеннен кейін полицияға жүгінген. Жедел іздестіру шаралары барысында 18 жастағы  жігіт ұсталып, оған «алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button