Жаңалықтар

Тегін медициналық қызмет алу қиындайды

Фото: ашық дереккөз

Тегін медициналық қызмет алу қиындайды, деп жазды qandastar.kz

Денсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық көмек беру жүйесіне өзгерістер енгізуді қарастырып жатыр. Құжат Ашық нормативтік құқықтық актілер порталына жарияланды. Ол қаңтардың 5-іне дейін қоғамдық талқылауда болады. 

Не өзгереді? Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген пакетіндегі бірқатар қызметтер МӘМС-ке беріледі. Яғни, жұмыс істейтін, бірақ сақтандырылмаған азаматтар тегін ем ала алмайды. Мемлекет жарнаны әлеуметтік осал топқа жататын зейнеткерлер, балалар, жүкті әйелдер, жұмыссыздар, жалпы 15 санатқа жататындар үшін ғана аударым жасауды жалғастырады. 

Халықтың 11 млн 900 мыңы осы топқа енген. Ал 16 млн 900 мыңы сақтандырылған. Пайызға шаққанда 82,6 пайызы. Ресми жұмыс істейтіндер ай сайын жарна төлейді, бірақ тегін қызметті жылына бір рет алуы мүмкін. Мүмкін. Болмаса ол да жоқ. 

Халықтың наразылығын назарға алған Үкімет, мәселені тегін қызметті қысқарту арқылы шешпек. Бұл жағдайда салықтан жалтарып жүргендерге мүлде ем жасалмайды.

«Мысалы бір аурудың ішінде яғни бір адам бір аурумен келмейді ғой. Бірнеше аурумен келеді. Сол кезде шатасуы мүмкін. Қайссын емдеймін пакетте, қайссын емдемеймін деп. 

Көмектердің арасын дұрыс бөлу. Бір науқас келсе ол бірнеше аурумен келеді ғой. Дәрігер қайссын емдеймін деп бас қатырмау керек. Пакет бөлінген соң ол жаңағы цифрландыруда дәрігер қай пакетке бөлемін деп басын ауыртпайды деген мәселе. Көбі сақтандырылған пакетке алмастырылады. Сол кезде сақтандырылған пакеттің көлемі үлкен болады. 

Atameken business телеграм арнасы жазғандай,қазір ол 30 пайыздан 70 пайызға өседі. Ол көбейгенде қаржыландыру да көбейеді. 70 пайызға өсіп кепілдендірілген көлем 30 пайыз боп азаяды”, – деді МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің өкілі Ләззат Шоманова. 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close