Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің жолаушылармен бірге эконом-класпен ұшқан видеосы желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Музыкант Үкітай Ерниязов ұшақ ішінде түсірілген видеоны өз әлеуметтік желісінде жариялады.
Және сол рейсте Тоқтар Әубәкіровпен бірге ұшқанын жазды.
«Мен анау-мынауға қатты қызыға бермейтін, бірден қуанып, таң қала қоятын адам емеспін. Бірақ дәл қазір (ауырып отырсам да) өте жақсы көңіл күйдемін – бір үлкен қалаға ұшып бара жатырмын. Тірі бола тұра тарихта қала білген осындай ғажап адаммен бір ұшақтамын. Міне, бұл да үлкен бақыт. Атақты Тоқтар Әубәкіров көке», — деп бөлісті сазгер.
Қазақстандықтар «нартұлға», «тек бизнес класпен ұшуға лайықты адам», «батырмен бірге» сынды пікірлерін қалдырып жатыр.



