ӘкімЖаңалықтар

«Тек Шымкент туралы ойлаймын» — Сыздықбеков үкіметке қатысты қауесет туралы

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Үкіметтегі кадрлық өзгерістерге байланысты өз есімі премьер-министр лауазымына кандидат ретінде аталған талқылауларды орынсыз деп атады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ОКҚ брифингінде модератор Маржан Бақтиярқызы редакция қойған сұрақты бөліп тастады.

— Әріптес, бұл Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысы жоқ, — деді ол.

Одан кейін Ғабит Сыздықбеков сұраққа қысқаша жауап берді.

— Мен жай ғана өз жұмысымды істеп жүрмін. Ештеңе ойламаймын. Тек Шымкент пен ел туралы ойлаймын, — деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button