Әлеумет және қоғамЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық белең алды: Ұлттық банк ескертеді

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарды телефон қоңырауы арқылы жасалатын жаңа алаяқтық тәсіл туралы ескертті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алаяқтар өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, адамдарды алдаудың күрделі схемасын қолдануда.

Олар «картаны бұғаттан шығару керек», «ақшаны қауіпсіз шотқа аудару қажет» деген желеумен қоңырау шалып, SMS-кодты, карта деректерін сұрайды.

Кей жағдайда адамдарды банкоматқа дейін бағыттап, ақша аудартуға тырысады.

Ұлттық банк азаматтарға мына жайттарды қатаң есте сақтауға кеңес береді:

• Банктер ешқашан SMS-код сұрамайды;
• Карта деректерін бөгде адамға беруге болмайды;
• Банкоматта тұрғанда біреудің өтінішімен ақша аудару — заңға қайшы.

Мамандар мұндай әрекеттердің «дропперлік» ретінде танылатынын атап өтті.

Егер алаяқтыққа тап болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button