Смартфон бүгінде әмиян да, құжат та, жұмыстың құралы да болып саналады. Бірақ сонымен бірге алаяқтар да дәл осы телефон арқылы адамды алдаудың жаңа жолдарын тауып отыр. Сол себепті қоңырауларға жауап беру, WhatsApp-тағы сілтемелерді ашу, жеке деректерді қорғау сияқты қарапайым нәрселердің өзі ерекше сақтықты талап етеді. QANDASTAR порталы телефонды қауіпсіз пайдалану туралы ең маңызды кеңестер ұсынады.
Қандай нөмірлерге жауап беруге болмайды
• +001, +044, +234, +252 сияқты бөтен елдердің кодтары – егер таныстарың шетелде тұрмаса, бұл қоңыраулардың басым бөлігі алаяқтардікі.
• Жасырын нөмірлер – мемлекеттік органдар, банк, полиция жасырын нөмірмен хабарласпайды.
• «Банк қызметкеріміз» дегендер – банктер ешқашан код, пароль, SMS сұрамайды.
• Қорқытатын авто-хабарламалар: «аккаунтыңыз бұғатталды», «іс қозғалды».
• VOIP бір реттік нөмірлер (+888, +803, +808).
WhatsApp-тағы жалған сілтемелерді қалай тану
• Домендегі күмәнді жазулар: kaspi.kz орнына kasp1-kz.com, bonus-kaspi.gift және т.б.
• Тездетуге итермелеу — «5 минут ішінде өтіңіз», «таратсаңыз бонус аласыз».
• Сапасыз дизайн, қате мәтіндер.
• QR-код жіберу — банктер бұлай байланыспайды.
• Қысқартылған сілтемелер (bit.ly, t.ly) — қайдан келгені белгісіз болса, ашпаған дұрыс.
Алаяқтардың ең жиі қолданатын схемалары
1. Банк қызметкері болып қоңырау шалу — SMS кодты, парольді сұрайды.
2. Онлайн-саудада алдау — алдын ала төлем сұрайды немесе фейк төлем сілтемесін жібереді.
3. Жалған лотерея, бонус, жүлде — Kaspi, Halyk атын пайдаланып, сілтеме жіберу.
4. Мемлекеттік орган атынан хабарласу — айыппұл, тергеу туралы жалған ақпарат.
5. IMEI, сим-картаны тіркеу туралы жалған хабарлама — вирус орнатуға бағытталған.
6. «Сізге кредит рәсімделген» деп қорқыту — асығыс әрекет жасатуды көздейді.
Смартфон батареясын ұзақ ұстау лайфхактары
• Экран жарықтығын автоматқа қою.
• 80–20 ережесі – 20%-дан төмен түсірме, 80%-дан жоғары зарядтама.
• Фондық қосымшаларды өшіру.
• 5G қажет болмаса — өшіру.
• GPS, Bluetooth, Hotspot қажет болмаса — сөндіру.
• Түнде Airplane Mode.
• Қуатты үнемдеу режимі.
• Арзан кабель қолданбау.



