Жаңалықтар
Telegram арқылы нөмірлерді тексерудің жаңа әдісі іске қосылды
Фото: Getty Images
Танымал мессенджердің негізін қалаушы Павел Дуров Telegram Gateway деп аталатын телефон нөмірлерін тексерудің жаңа әдісін іске қосқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды qandastar.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Кәсіпкер бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жазды.
«Telegram кәсібі бар тұтынушылардың телефон нөмірлерін тексерудің ең қолжетімді әдісін іске қосты. Әлемнің кез келген жерінде бір код үшін бар болғаны $0,01 төлейсіз», – деді ол.
Оның айтуынша, енді компаниялар Telegram арқылы пайдаланушыларына тексеру кодын жіберу арқылы миллиондаған қаржысын үнемдей алады.
«Бұл әдіс SMS арқылы дәстүрлі тексеруге қарағанда әлдеқайда арзан, жылдам және қауіпсіз», – деп түсіндірді Дуров.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров мессенджерде сыйлық пайда болғанын мәлімдеген еді.
«Мерекелер маусымы (оның ішінде менің туған күнім де бар) жақындап қалды және бүгін біз сыйлықтар шығарамыз!» – деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
Павел Дуров сыйлықтар жақындарыңызды маңызды оқиғамен құттықтаудың тамаша тәсілі екенін атап өтті.
«Сыйлық алушылар оларды профилінде көрсетуді немесе жұлдызға сатуды таңдай алады (ішкі валюта – шамамен)», – деп түсіндірді ол.