Әлем жаңалықтары

Telegram иесі Дуровтан сотта бірінші рет жауап алынды

Фото: ашық дереккөз

Telegram иесі Дуровтан сотта бірінші рет жауап алынды, деп жазды qandastar.kz

Оған мессенджердегі модерацияның болмауы, желіде болып жатқан заңсыз әрекеттерге қатысы бар, құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық жасамайды деген айып тағылып отыр. 

atamekenbusiness_qaz жазғандай, Дуров сотқа өзінің адвокаттарымен бірге барды. Кәсіпкер журналистерге толыққанды пікір бермеді. Тек “Франциядағы сот әділдігіне сенемін”, – деп қысқа қайырды.

Оның қорғаушылары «Telegram арқылы жасалған қылмыстарға Дуровтың қатысы бар» деген айыптауларды негізсіз деп санайды.

Еске салайық, төрт ай бұрын Павел Дуров ұсталып, кейіннен кепіл ақша төлеп, босатылған еді. Ол Франция аумағынан кетпеуі шарт. 

t.me/atamekenbusiness_qaz

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close