Жаңалықтар

Telegram Қазақстан құқық қорғау органдарына өз пайдаланушылары туралы мәліметтерді берді

Фото: Shutterstock

Telegram Қазақстан құқық қорғау органдарына өз пайдаланушылары туралы мәліметтерді берді, деп жазды qandastar.kz

Telegram мессенджерінде Transparency Reports деп аталатын ресми бот пайда болды. Онда құқық қорғау қызметкерлерінің сұраныстары мен оларға берілген мәліметтер көрсетіледі. 2024 жылы Telegram органдардан келген 74 сұранысты қанағаттандырып, 496 қазақстандық пайдаланушының IP-адресі мен телефон нөмірлерін берген.

“Егер құқық қорғау органдары ресми сұраныс жіберсе және қылмыстық іс бойынша күдікті екеніңізді растаса, Telegram сіздің IP-адресіңіз бен телефон нөміріңізді тиісті органдарға бере алады. Есептер https://t.me/transparency Telegram арнасында жарияланады”, – делінген Telegram құпиялылық саясатының 8.3 тармағында.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай,  деректер үш ай сайын жаңартылып отыратын есепте көрсетіледі. Келесі ақпарат 2025 жылдың сәуірінде жарияланбақ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close