ЖаңалықтарСпорт

Темірлан Анарбековтың «Қайраттағы» болашағы белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетуді жалғастырады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараптар 2028 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды.

22 жастағы футболшы — Атырау академиясының және «Қайрат» жүйесінің түлегі. Әр жылдары елордалық «Жеңіс» клубында жалға беріліп ойнаған.

Өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында Анарбеков чемпионаттың үздік қақпашысы атанды. 2024 жылы ол алматылық команданың негізгі қақпашысы ретінде орнығып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі матчтардың басым бөлігінде алаңға шықты. Сондай-ақ ұлттық құрама сапында дебют жасап, екі кездесу өткізді.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» тағы бір қазақстандық қақпашы — Шерхан Қалмұрзамен де келісімшартты 2028 жылға дейін ұзартқанын хабарлаған болатын.

Transfermarkt деректеріне сәйкес, Темірлан Анарбековтың нарықтық құны 400 мың еуроны құрайды. Бұл — оның кәсіби мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button