Жаңалықтар

«Темірланды қасақана жарақаттады»: Қазақстандықтар «Ақтөбе» футбол клубын «Қайратқа» қарсы агрессивті ойын көрсетті деп айыптады

Фото: Видеодан скрин

14 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол клубтарының арасында матч өтті, деп жазды qandastar.kz

Нәтижесінде алматылық клуб жеңіске жетіп, ойын 1:0 ебімен аяқталды. Матч барысында екі клубтың фанаттары ойынды қыздыра түсті. Бұл тартыс тіпті желіде жалғасын тапты. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Матч барысы… 

Алматылық «Қайрат» ел біріншілігінің 23-турындағы орталық ойында «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңді. Бұл кездесу екі команда үшін де маңызды болды. Сонымен қатар матчты алғаш рет қырғызстандық төрешілер қадағалады.

Ойын барысында алаң иелері басымдық танытып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен қонақтар да қарымта шабуылдарымен жауап беріп отырды. Шешуші голды 52-минутта 17 жастағы Дастан Сатпаев соқты. Ол Еркін Тапаловтың әдемі пасын голға айналдырды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close