Жаңалықтар

Теміртауда 36 сарбаз ауруханаға түсті

Сурет: ru.123rf.com

Қазіргі кезде сарбаздардың жаппай ауруханаға түсу себептеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр

Қарағанды облысы Теміртау қаласында Ұлттық ұланның 36 әскери қызметкерлері аурухана түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, әскери қызметкерлер жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

«18 тамызда Теміртау қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметші жатқызылды, оның ішінде 31 қызметкерге жедел ішек инфекциясы және бесеуіне жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозы қойылған. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар қабылданды», – делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде сарбаздардың жаппай ауруханаға түсу себептеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close