Жаңалықтар

Теміртауда кәмелетке толмаған топ қарияны сабаған

Фото: ашық дереккөз

Теміртауда кәмелетке толмағандар тобы қарт ер адамның үйіне баса-көктеп кіріп, оны аяусыз соққыға жығып, болған жайтты видеоға түсірген, деп хабарлайды qandastar.kz

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаскөйлер өзін электрші ретінде таныстырып, қарт кісіні алдап, есігін ашқызған.

Белгілі болғандай, ер адам жалғыз тұрған, оның туыстары қайтыс болған.

Шабуылдан кейін жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қала тұрғындары кінәлілердің адамшылыққа жат әрекетіне ашуланып, оларды ең қатаң жазаға тартуды талап етуде.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close