Жаңалықтар

«Терең үйренбейтінім анық»: Футболдан ел құрамасының бас бапкері Черчесов қазақ тілін үйрену туралы пікір білдірді

Фото: Риа новости
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуі екіталай екенін, алайда қажетті сөздерді білетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “РИА Новости” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Маусым айының соңында Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Алайда ол баспасөз конференциясы кезінде журналистердің қазақ тіліне байланысты қойған сұрағына кідіріп қалды.

«Қазақстан – үлкен, мақтанарлық ел. Барлық жерде де өз нюанстары болады. Ал мұндағы нюанстарға, меніңше баяу үйреніп жатырмын. Күнделікті өмірде қажет бірнеше сөзді білдім. Одан әрі тілді терең үйренбейтінім анық. Күнделікті қажет сөздерді білу керек. Сондықтан барынша тырысамын», – деді Черчесов.Черчесов 2016 жылдан 2021 жылға дейін Ресей құрамасын басқарды. Оның басшылығымен команда 2018 жылы әлем чемпионатының 1/4 финалына жетті. Ал Еуро-2020-да Бельгия, Дания және Финляндия командаларымен топта соңғы орынға ие болды. Маманның соңғы жұмыс орны венгриялық «Ференцварос» болды. Сондай-ақ, Черчесов мәскеулік «Спартак», «Динамо», сочилік «Жемчужина», «Терек» (қазіргі «Ахмат»), «Амкар», «Куфштейн», «Ваккер» және «Легиясын»басқарды.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close