Жаңалықтар

Тергеу: Елордалық бұрынғы қызын өлтіріп кетті

Фото:istockphoto.com

Астанадағы «Millennium Park» тұрғын үй кешенінде бойжеткен кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға кеше кешкі 20:30 шамасында болған. 21 жастағы күдікті қыздың бұрын көңіл жарастырған сүйіктісі болып шықты.

Көршілерінің айтуынша, оқиға алдында пәтерден қатты шу естілген. Қыздың мәйіті пәтерден табылған. Осыдан кейін күдікті көшеде өтіп бара жатқан адамдарға пышақпен шабуыл жасап, қаза тапқан қыздың кіші інісін жаралаған. Жасөспірім кейін балалар алаңында пышақ жарақаттарымен табылып, ауруханаға жеткізілді.

Содан кейін күдікті қыздың пәтеріне кіріп, есікті жауып алған. Кейін полиция келгенде өз еркімен берілген.

Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close