Жаңалықтар

Тергеу изоляторында отырған «Дикий Арман» өзін-өзі жарақаттады

Фото: бас прокуратура
Оқыс оқиға туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тарады. «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің денсаулығына қатысты ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды qandastar.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде 20 жылға сотталған Арман Жұмагелдиевтің тамырын кесуге тырысқаны туралы ақпарат тарады.

«Аталған сотталушы өзіне аздаған дене жарақаттарын келтірді. Медициналық көмек бірден көрсетілді. Сотталушының денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде», деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Арман Жұмагелдиев айырықша бақылауда екені, оны мекеме психологтары қарауға алғаны нақтыланады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close