Оқиға Қырғызстанның Жалал-Абад облысына қарасты Манас қаласында болған. 8 қараша күні 19 жастағы жігіт сүйісу кезінде 17 жастағы қыздан ауыр жарақат алған – қыз оның тілін және төменгі ернін тістеп, жұлып алған, деп жазды qandastar.kz
«Жігіттің тілінің ұшы мен төменгі ерінінің бір бөлігі жұлынып кеткен. Науқасқа ота жасалып, зақымданған жерлер тігіліп шықты. Қазір ол жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Тіл қайта қалпына келуі мүмкін. Мұндай жарақаттар әдетте эпилепсия кезінде болады, бірақ сүйісу кезінде болуы менің тәжірибемде алғаш болып отыр», – деді Жалал-Абад облыстық ауруханасының директоры Құмар Ботокараев.



