Жаңалықтар
Терроризмді насихаттаған төрт қазақстандық ұсталды

Фото: ҚР ҰҚК
ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдардың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды qandastar.kz сайты ҚР ҰҚК-ға сілтеме жасап.
Комитет мәліметінше, терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырды, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды, олардың біреуі бұрын соттылы болған.
Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде, — делінген мәліметте.
Бұдан бөлек, ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарды. Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан.